KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 342,42 теңге

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 342,42 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 66 050 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,1057 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 25 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 342,49 теңгені (-1,13) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 115 450 мың USD (+20 750 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,2600 теңге (жылдық 9,39 %), сауда-саттық көлемі 348 000 мың USD құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
- EURKZT_1_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Сауда-саттыққа 22 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар
telegram