KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар = 347,24 теңге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 347,24 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 44 700 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа араланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3502 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 35 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 347,18 теңгені (+0,76 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 101 450мың (+21 950 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,9979 % құрады, сауда-саттық көлемі - 235 600 мың АҚШ долларын құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,0000 % құрады, сауда-саттық көлемі - 110 300 мың АҚШ долларын құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.