KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 348,45 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Ресей Федерациясында 23 ақпанда мереке күні болғандықтан RUBKZT_TOD құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 348,45 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 114 000 мың АҚШ доллары;
- есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 348,69 теңгені (-3,08) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 316 300 мың USD (+105 850 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,1500 тенге (жылдық (жылдық 15,32 %), сауда-саттық көлемі 238 200 мың USD құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.