KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 348,95 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар - 348,95 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 348,95 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 58 400 мың АҚШ доллары;

- есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,5679 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 12 600 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 348,96 теңгені (+0,27) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 70 050 мың USD (-242 250 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,1500 тенге (жылдық (жылдық 14,39 %), сауда-саттық көлемі 239 600 мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.