KASE күндізгі сессиясы: Доллар - 339,59 теңге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 339,59 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 78 450 мың АҚШ долларын құрады; есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2153 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 57 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 339,50 теңгені (+0,64 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 112 350 мың (+18 500 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,1255 % құрады, сауда-саттық көлемі - 146 600 мың АҚШ долларын құрады.
USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,2242 % құрады, сауда-саттық көлемі - 58 200 мың АҚШ долларын құрады. EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.