KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,43/147,47 теңге, еуро - 197,50 теңге, рубль - 4,7954 теңге

АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,43/147,47 теңге, еуро - 197,50 теңге, рубль - 4,7954 теңге

(EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 3 мүшесі, своп-нарықта 3 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,44 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 140 450 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,43/147,47 теңге болды.

Еуро спот-нарығында: Т+0 есебімен еуро бойынша теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде сұраныстың жоқтығынан еуро үшін ұсыныс 197,50 теңгені құрады. Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есебімен Ресей рублі бойынша орташа бағамы 4,7954 теңгені, сессияның жабылуында сауда 16 500 рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 14 000 мың АҚШ долларын құрады.

USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,00 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 2 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.