KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,55/147, 57 теңгені, рубль 4,9940 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен
(EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі, своп нарықта - 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,56 теңге, сауда көлемі 154 450 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 147,55/147,57 теңгені құрады.
Еуро спот-нарықта:
- Еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- Еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Ресей рублінің T+0 есептерімен орташа бағамы бір рубль үшін 4,9940 теңгені, сауда көлемі - 6 000 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 130 000 мың АҚШ долларын құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 20 000 мың АҚШ долларын құрады;
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.