KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,58/147, 61 теңгені, рубль - 5,0637 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,  (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі
None
None

бойынша Т+0 есебімен теңгемен  (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Дүйсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп нарықта - 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,61 теңге, сауда көлемі 49 200 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 147,58/147,61 теңгені құрады.

Еуро спот-нарықта: Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Ресей рублінің T+0 есебімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 5,0637 теңгені, сауда көлемі 15 000 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы  +0,02 теңгені, сауда көлемі 59 500  мың АҚШ долларын құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,02 теңгені, сауда көлемі 80 000  мың АҚШ долларын құрады. EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар