KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,68/147,69 теңгені, рубль - 5,1024 теңгені құрады

Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Сейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі, своп нарықта - 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,70 теңге, сауда көлемі 57 850 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 147,68/147,69 теңгені құрады.
Еуро спот-нарықта:
- Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Ресей рублінің T+0 есебімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 5,1024 теңгені, сауда көлемі - 73 700 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 24 500 мың АҚШ долларын құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 105 000 мың АҚШ долларын құрады;
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.