KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,93/147,95 теңгені, рубль - 5,0209 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,  (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі
None
None

бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD  үшін бұл сессия қосымша болды. Валюталық своп операция нарығында  USDKZT_0_002  және EURKZT_0_002 есімен Қазақстанда 8 наурыз  мереке күні (Халықаралық әйелдер күні) болуына баланысты KASE-де бүгін сауда өткізілмеді және демалыс күні 11 наурыздан жұма күні 9 наурызға ауыстырылды. Сейсенбіде саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі, своп нарықта - 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,94 теңге, сауда көлемі 65 850 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 147,93/147,95 теңгені құрады. 

Еуро спот-нарықта:

 - Т+0  есептерімен  еуро бойынша  мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0  есептерімен  еуро бойынша  мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Ресей рублінің T+0 есептерімен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 5,0209 теңге, сауда көлемі 6 900 мың Ресей рублі болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 191 000  мың АҚШ долларын құрады.

- - EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар