KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 149,37/149,42 теңгені, еуро - 184,30 теңгені, рубль - 4,6727 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен  (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD),

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 149,37/149,42 теңгені, еуро - 184,30 теңгені, рубль - 4,6727 теңгені құрады

Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD),   валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD  үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі, своп нарықта - 11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,42 теңге, сауда көлемі 58 450 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 149,37/149,42 теңгені құрады.

Еуро спот-нарықта: еуро бойынша  Т+0  есептерімен  теңгемен орташа бағамы бір еуро үшін 184,30 теңгені, сауда көлемі - 200 мың еуроны құрады; еуро бойынша  Т+0  есептерімен  АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;

Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,6727 теңге, сауда көлемі 23 800 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында сұраным бағасы +0,01 теңгені, ұсыныс - 0,00 теңгені құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені,  сауда көлемі 191 500 мың АҚШ долларын  құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.