KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,59/150,61 теңгені, рубль - 4,9995 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD),
еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі, своп нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,61 теңге, сауда көлемі 31 800 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 150,59/150,61 теңгені құрады.
Еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
Ресей рублі бойынша Т+0 есептерімен теңгемен орташа бағамы бір рубль үшін 4,9995 теңгені, сауда көлемі 2 000 рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 37 000 мың АҚШ долларын құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 222 000 мың АҚШ долларын құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.