KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,51/147,53 теңге, рубль - 4,8356 теңге

Ы. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,
None
None

(EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 18 мүшесі, своп-нарықта 4 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,53 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 57 850 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 147,51/147,53 теңге болды.

Спот-нарықта:

- Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесі бойынша баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесі бойынша баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,8356 теңге, сауда көлемі 15 200 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 15 000 мың АҚШ долларын құрады, сессия жабылар кездегі сұраныс бағасы 0,00 теңге, ал ұсыныс бағасы -0,01 теңге болды.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 70 000 мың USD болды. Сессия жабылар кезде сұраныс бағасы 0,00 теңге, ұсыныс бағасы - 0,01, теңге болды.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар