KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: рубль - 5,0380 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD),   валюталық своп операцияларымен (USDKZT_1_002, EURKZT_1_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: рубль - 5,0380 теңгені құрады

Бүгін KASE-де USDKZT_TOD, EURKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDKZT_0_001, EURKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_002 валюталық своп операциялары бойынша Қазақстан мен Ресейдегі 1 мамыр мерекесіне және демалыс күнін сенбі, 28 сәуірден, дүйсенбі, 30 сәуірге ауыстыруға байланысты сауда өткізілмеді. Сенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 5,0380 теңге, сауда көлемі - 54 000 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.