KASE сауданы техникалық жағдайға байланысты түскі сағат екіге ауыстырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарпт – Ақша айырбастау орындарында доллар 465 теңгеден сатылып жатыр. KASE сауданы тағы кейінге қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан қор биржасы (KASE) техникалық себептерге байланысты KASE қор нарығындағы сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-те ашылатынын хабарлайды. KASE қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - делінген қор биржасының хабарламасында.
Бұған дейін Қазақстан қор биржасы сауданы сағат 12-ге қалдырғаны туралы жазған болатынбыз.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 23 ақпан кешімен салыстырғанда 15,23 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 452, 49 теңге болды.
Ұлттық банктің 24 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 437, 22 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 460 теңгеден сатылса, сатып алу – 465 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 460 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 463, 05 теңге.