KASE табыстың 30%-ын дивидендтерге бағыттайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасының (KASE) акционерлері 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. 

KASE табыстың 30%-ын дивидендтерге бағыттайды
Коллаж: Kazinform

Биржаның ресми порталында хабарланғандай, мұндай шешім биржаның жылдық жалпы жиналысында мақұлданды. Дивиденд төлеуге 4,6 млрд теңге бағытталады. Бұл – KASE-нің өткен жылғы таза пайдасының 30 пайызы. Бір қарапайым акцияға төленетін дивиденд мөлшері 4 310,67 теңге болып белгіленді.

Төлемдер 2025 жылдың 10-шы маусымынан басталады.

Айта кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ таза пайдасының 50%-ын, яғни 9,2 млрд теңгені дивидендтерге бөлген еді.

Еске салайық, бұған дейін Әділ Мұхамеджанов Қазақстан қор биржасының басшысы болып тағайындалған болатын.

Кейін KASE басқармасының құрамы өзгерді. 

Соңғы жаңалықтар