KASE таңертеңгілік сессия: 1 доллар - 379,86 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

KASE таңертеңгілік сессия: 1 доллар - 379,86 теңге

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 379,86 теңгені (-4,05 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 85 050 мың АҚШ долларын (+27 300 мың USD) құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 57,6500 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға 57,6800 теңгені құрады.

Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.