11:30, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
KASE: таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша доллар бағамы 147,31 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,31 теңгені (-0,17теңге), ал сауда көлемі -180 100 (+30 050 мың АҚШ доллар) мың долларды құрады
Т+0 доллар есебімен еуро бойынша және Т+0 есебімен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.