KASE: таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,42 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,42 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,42 теңгені (+0,03 теңге), ал сауда көлемі -140 000 (+69 700 мың АҚШ доллар) мың долларды құрады

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша және Т+0 есебімен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.