KASE: таңертеңгілік сессия қорытындысы: доллар -145,62 теңге, еуро - 206,90 теңге

АЛМАТЫ. 16 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессия қорытындысы: доллар -145,62 теңге,   еуро -  206,90 теңге

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 145,62 теңгені, ал сауда көлемі 100 950 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,12 теңгеге арзандап, сессия көлемі 31 400 мың долларға кеміді.

Ал еуроның орташа бағамы T+0 есебімен 206,90 теңгені, ал сауда көлемі 200 мың еуроны құрап отыр. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда еуро бағамы 3,70 теңгеге арзандап, сессия көлемі кешегі деңгейде сақталды.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.