KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 337,57 теңге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі Т+0 теңге АҚШ долларымен (USDKZT_TOD), есептесуі T+0 теңге еуромен және АҚШ долларымен (EURKZT_TOD, EURUSD_TOD) сауда-саттық құралдарымен АҚШ-та 04 шілде мереке күні болғандықтан (Тәуелсіздік күні) сауда-саттық жүргізілген жоқ. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,57 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 29 000 мың АҚШ долларын құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 50,6100 теңгені, сауда-саттық көлемі - 300 мың юаньді құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.