KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 341,33 теңге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Бүгін Қазақстан қор биржасында АҚШ-та 05 - қыркүйек мереке күні (Еңбек күні) болғандықтан, есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD), есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOD) сауда-саттық өткізілген жоқ. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 16 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 341,9633 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 26 700 мың АҚШ долларын құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша орташа сараланған бағамы мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде сұраным болмаған жағдайда, ұсыным бір еуроға 383,15 теңгені құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 51,0400 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға 51,0700 теңгені құрады.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.