KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар - 345,04 теңге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Бүгін Қазақстан қор биржасында 8 наурыз Қазақстанда мейрам (Халықаралық әйелдер күні) болуына байланысты, демалыс күнін сенбі, 5 наурыздан дүйсенбі 7 наурызға ауыстыруына байланысты есептесуі Т+0 теңгемен ауро бойынша және (EURKZT_TOD, EURUSD_TOD) АҚШ
доларымен, есептесуі Т+0 теңгемен қытай юані бойынша (CNYKZT_TOD) құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ. EURUSD_TOM үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 345,04 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 168 600 мың АҚШ
долларын құрады. Есептесуі T+1 АҚШ долларымен және теңгемен еуро және бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.