KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар - 346,82 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар - 346,82 теңге

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 346,82 теңгені (-1,14 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 67 200 мың (+8 600 мың USD) АҚШ доллары болды.
Есептесуі T+1 теңгемен және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша орташа сараланған бағамы бір еуроға 376,45 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 1 000 мың еуро.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 52,9255 теңгені (-0,2670 теңге), сауда-саттық көлемі - 550 мың юаньді (+150 мың юань) құрады.
Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы
таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе тренд көрсетілмейді.