KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 150,92 теңгеге тең

АЛМАТЫ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
None
None

Аталмыш тетіктер үшін бұл сессия негізгі болып саналады. Бүгін саудаға KASE-нің валюта нарығының 22 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының орташа бағамы Т+0 есебімен теңгемен 1 доллар үшін 150,92 (+ 0,08 теңге) теңгені құрады. Сауда көлемі 88 300 (- 11 200 мың USD) мың АҚШ доллары.

Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендттер өткен таңертеңгілік сессияға сәйкес көрсетілген. Егер бұған дейінгі таңертеңгілік сессияда тиісті инструменттер бойынша мәмілелер жасалмаған болса немесе олар бойынша саудалар өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар