KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 151,81 теңгеге, еуро бойынша ұсыныс - 198,20 теңгеге тең
Аталмыш тетіктер үшін бұл сессия негізгі болып саналады. Бүгін саудаға KASE-нің валюта нарығының 20 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының орташа бағамы Т+0 есебімен теңгемен 1 доллар үшін 151,81 (+0,16 теңге) теңгені құрады. Сауда көлемі - 83 000 мың АҚШ долларын (-60 300 мың USD) құрайды.
Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылу сәтінде сұраныс болмағанымен бір еуро үшін ұсыныс 198,20 теңгені құрады.
Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендттер өткен таңертеңгілік сессияға сәйкес көрсетілген. Егер бұған дейінгі таңертеңгілік сессияда тиісті инструменттер бойынша мәмілелер жасалмаған болса немесе олар бойынша саудалар өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.