KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 152,44 теңгеге, еуро - 199,58 теңгеге тең
еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
Аталмыш тетіктер үшін бұл сессия негізгі болып саналады. Бүгін саудаға KASE-нің валюта нарығының 20 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының орташа бағамы Т+0 есебімен теңгемен 1 доллар үшін 152,44 (+0,19 теңге) теңгені, ал сауда көлемі - 94 250 мың АҚШ долларын (+8 650 мың USD) құрады.
Еуроның орташа бағамы Т+0 есебімен теңгемен 1 еуро үшін 199,58 теңгені құрады. Сауда көлемі - 300 мың еуро.
Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендттер өткен таңертеңгілік сессияға сәйкес көрсетілген. Егер бұған дейінгі таңертеңгілік сессияда тиісті инструменттер бойынша мәмілелер жасалмаған болса немесе олар бойынша саудалар өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.