KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 153,67 теңгеге тең

АЛМАТЫ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ долларымен, есептесуі T+0 теңге(EURKZT_TOD) және есептесуі Т+0 теңге еуро (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды.

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 153,67 теңгеге тең

Аталмыш қаржықұралдарына осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 153,67 теңгені (+0,22 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 119 450 мың (-16 200 USD) АҚШ долларын құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.