KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 153,91, еуро 208,80 теңгеге тең

АЛМАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ долларымен,
None
None

есептесуі T+0 теңге (EURKZT_TOD) және есептесуі Т+0 теңге еуро (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды. Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 153,91 теңгені (+0,39 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 128 250 мың (+53 950 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған еуроның бағамы бір еуроға 208,80 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 200 мың еуроны құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар