KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары - 154,52, еуро - 210,53 теңге
АЛМАТЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ долларымен, есептесуі T+0 теңге (EURKZT_TOD) және есептесуі Т+0 теңге еуро (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды. Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 154,52 теңгені (+0,01 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 142 100 мың (-20 650 мың USD) АҚШ долларын құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған еуроның бағамы бір еуроға 210,53 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 200 мың (-20 650 мың USD) АҚШ долларын құрады.
Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.