KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 155,27 теңгеге тең

АЛМАТЫ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOM) АҚШ долларымен, есептесуі T+0 теңге (EURKZT_TOD) және есептесуі Т+0 теңге еуро (EURUSD_TOD) бойынша және есептесуі Т+1 АҚШ долларымен (EURUSD_TOM) еуро бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды.

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 155,27 теңгеге тең

Есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша және есептесуі Т+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша бүгін KASE сауда-саттығы АҚШ-тағы мерекелік күнге байланысты өткізілмейді.

USDKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін 2014 жылдың 20 қаңтарындағы аталған сессия негізгі болып табылады, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.

Есептесуі T+1 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 155,27 теңгені (+0,10 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 162 300 мың (-14 850 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+1 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.