KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 155,5 теңгеге тең
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі АҚШ долларының теңгемен, еуроның теңгемен таңертеңгілік сессиясы аяқталды.
Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 25 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.
Есептесуі теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 155,5 теңгені (+0,15 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 117 000 мың (-11 200 мың USD) АҚШ долларын құрады. Есептесуі теңгемен еуро және доллар бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.