KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 308,36 теңге

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 308,36 теңге

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 308,36 (+0,63 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 72 500 мың АҚШ долларын (+16 450 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 48,0400 теңгені құрады, ұсыным - 48,0700 юань.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.