KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 310,37 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 310,37 теңге

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды kase.kz..

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 310,37 (+1,25 тенге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 121 000 мың АҚШ долларын (+68 400 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 47,6150 теңгені құрады, ұсыным - 47,6450 бір юаньға теңгені құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.