KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 328,03 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты.

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны 328,03 теңге

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 328,03 теңгені (+0,15 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 128 800 мың АҚШ долларын (+35 850 мың USD) құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған еуро бағамы еуроға 372,00 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 200 мың еуроны құрады. Есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 50,1900 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 450 мың юаньді (+450 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.