KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар 146,41 теңгені құрады
МАТЫ. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 1 (USDKZT_TOM) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+1(EURKZT_TOM) теңге есебімен және (EURUSD_TOM) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
30 тамыз күнгі Қазақстандағы мерекелік күнге (Конституция күні) байланысты және демалыс күнінің сенбі, 27 тамыздан дүйсенбі, 29 тамызға ауыстырылуына байланысты бүгін KASE-де Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 теңге есебімен (EURKZT_TOD) және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда жасалған жоқ. USDKZT_TOM, EURKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін бүгінгі сессия негізгі болды.
Сенбі күнгі саудағы қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+1 есебімен 146,41 теңгені (-0,02 теңге), ал сауда көлемі - 78 500 мың долларды (+12 350 мың доллар) құрады.
Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+1 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.