KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар 147,97 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 теңге есебімен (EURKZT_TOD) және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар 147,97  теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,97 теңгені (-0,03 теңге), ал сауда көлемі - 97 000 мың долларды (-198 700 мың доллар) құрады.

Т+0 есептерімен еуро бойынша теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.