KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 337,94 теңгеге тең

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен(EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD)қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар - 337,94 теңгеге тең

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,94 теңгені (-1,01 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 29 900 мың АҚШ долларын (+6 800 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ.Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген

жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 50,5700 теңгені құрады, ал сауда-саттық көлемі - 200 мың юань теңге болды.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік