KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы - 339,46 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

KASE таңертеңгілік сессиясы:  доллар бағамы - 339,46 теңге

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.

 Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 339,46 (+0,11 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі 34 450 мың USD (+12 450 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 50,9313 теңгені (-0,0187 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 400 мың юаньді (+200 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.