KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,72 теңгені құрады, еуро бойынша ұсыныс - 187,85 теңге
АЛМАТЫ. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD),
еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының Т+0 есептерімен теңгемен орташа бағамы бір АҚШ доллары үшін 147,72 теңгені (-0,31 теңге), сауда көлемі - 299 100 мың АҚШ долларын (+248 900 тыс. USD) құрады.
Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында бір еуро үшін ұсыныс 187,85 теңгені құрады.
Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.