KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,94 теңгені, еуро - 188,80 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD),
None
None

еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. сәрсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,94 теңгені (-0,06 теңге), сауда көлемі 107 400 мың АҚШ долларын (-11 600 мың АҚШ доллары) құрады.

Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында бір еуро үшін  ұсыныс 188, 80 теңгені құрады, сұраным болған жоқ.

Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар