Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,03 теңгені, еуро - 189,00 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD),

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,03 теңгені, еуро - 189,00 теңгені  құрады

еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының Т+О есептерімен орташа бағамы 1 доллар үшін 148,03 теңгені (+0,09 теңге), сауда көлемі - 50 200 мың АҚШ долларын құрады.

Еуроның Т+0 есептерімен орташа бағамы бір еуро үшін 189,00 теңгені, сауда көлемі 200 мың екроны құрады.

Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында бір еуро үшін ұсыныс 1,4000 долларды құрады, сұраным болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.