KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148, 11 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOМ), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOМ) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
Бүгін KASE-де АҚШ-тағы мерекелік күн - Дж.Вашингтонның туған күніне байланысты АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD) және еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) сауда жүргізілмеді. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін 20 ақпанғы сессия негізгі болып табылады, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,11 теңге (-0,01 теңге), сауда көлемі -32 950 мың АҚШ доллары (-56 950 мың USD) болды.
Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.