KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,83, еуро - 186,00/186,50 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 12 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәмілесі 1 доллар үшін 148,83 теңге (+0,13 теңге), сауда көлемі 39 450 мың АҚШ доллар (+7 450 мың АҚШ доллар) болды.
Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында 1 еуро үшін сұраныс 186,00 теңге, ұсыныс 186,50 теңге болды.
Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.