KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,33 теңгені, еуро - 195,70 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOМ) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
None
None

Бүгін KASE-де АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD) және еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) сауда АҚШ-ғы мерекеге (Колумб күні) байланысты өткізілмеді. USDKZT_TOM  және EURUSD_TOM үшін 2012 жылғы 8 қазандағы аталған сессия негізгі болып табылады, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,33 теңге (+0,03 теңге) болды.

Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар