KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,41 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_TOM),
None
None

еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOМ) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,41 теңге (-0,24 теңге), сауда көлемі - 106 750 мың АҚШ доллары (+37 750 мың АҚШ доллары) болды.

Еуро бойынша T+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар