KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,42 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,  (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,42 теңгені құрады

Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,42 теңге, сауда көлемі - 92 800 мың АҚШ доллары болды.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.