KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,42 теңгені құрады

(EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға KASE валюталық нарығының 24 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының Т+1 есебімен теңгемен орташа бағамы бір доллар үшін 150,42 теңгені (-0,08 теңге), сауда көлемі - 233 750 мың долларды (+134 750 мың АҚШ доллары) құрады.
Еуроның T+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.