KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,48 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_ TOD),
None
None

еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOМ) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.

Бүгін KASE-де АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD) және еуро бойынша Т+0 есебімен АҚш долларымен сауда АҚШ-та мерекелік күні - Джордж Вашингтонның туған күніне байланысты өткізілмеді. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM аталған сессия негігі болып табылады, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының Т+1 есебімен теңгемен орташа бағамы бір доллар үшін 150,48 теңгені, сауда көлемі - 80 300 мың долларды құрады.

Еуроның T+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Соңғы жаңалықтар