KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,74 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_TOМ), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TOМ), еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOМ) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті,

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,74  теңгені құрады

деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

 Бүгін KASE-де АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) сауда Қазақстанда демалыс күнін сенбі, 29 желтоқсаннан, дүйсенбі, 31 желтоқсанға ауыстыру себебімен өткізілмеді. USDKZT_TOМ, EURKZT_ TOМ және EURUSD_ TOМ үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 14 мүшесі қатысты.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,74 теңгені, сауда көлемі - 57 500 мың АҚШ долларын құрады.

Еуроның T+1 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.